Ақмолада ТКШ тарифтерін төмендету мәселесі қатаң бақылауға алынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) тарифтерін төмендету мәселесі қатаң бақылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин жылу тарифтерін қалыптастыру мәселесі, сондай-ақ, облыс орталығын жылу энергиясымен қамтамасыз етуші «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорын жұмысына жүргізілген прокурорлық тексерістің қорытындысы талқыланған мәжіліс өткізді.

Аймақ басшысы коммуналдық кәсіпорынның жұмысына  тиісті бақылау жүргізбеген бірқатар мемлекеттік органдардың жұмысын сынға алып, коммунальдық кәсіпорын әрекетінің заңдылығын қысқа мерзім ішінде анықтауды тапсырды.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Мәлік Мырзалин өткен жылы кәсіпорынға бөлінген субсидия көлемінің артқанын, ал ол өз кезегінде жылу энергиясы тарифінің тұрақтануына кепіл болатынын атап өтті.

Бүгінгі таңда облыста ТКШ қызметінің тарифтерін түсіру бойынша аудан және қалалардағы коммуналдық кәсіпорындармен жұмыстарды ұйымдастыру бойынша сарапшылар мен құзыретті өкілдерден тұратын жұмыс тобы құрылды.  Бұған қоса, Көкшетау қаласының коммуналдық кәсіпорындары бір жылға 130 теңгеден 82 теңгеге дейін төмендеген өтемақы тарифтерін енгізді. Бұл  2018 жылдың 1  желтоқсанынан бастап көкшетаулықтар үшін жылу ақысы 36 пайызға арзандайтындығын білдіреді.

Келер жылы Көкшетауда қала тұрғындарына қажетті жылу, электр энергиясын өндіріп, ыстық сумен қаматамасыз етуге қауқарлы ЖЭО құрылысы басталады.

Соңғы жаңалықтар