Ақмолада тіл жанашырлары марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында тілдер онкүндігінің жабылуына орай салтанатты шара өтіп, бірқатар тіл жанашырлары Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында ұйымдастырылған шараға қатысқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова шараның маңызына тоқтала келе, елімізді мекендеген барлық этностардың тілін, мәдениетін сақтап, дамытуға мол мүмкіндіктер қарастырылып отырғанын атап өтті.

«Тіл – қасиетті ұғым. Ұлтымыздың ұлы қазынасы, халқымыздың рухани қуатының негізі. Ғасырлар бойы талай қиындықты бастан кешірген халқымыздың өз қасиетін жоғалтпай, ұлттық болмысын сақтап қалуына тіліміз тірек болды. Ата-бабамыздан мұра болып қалған бай да, көркем ана тілімізді болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыру біздің қасиетті борышымыз. «Қазақтың болашағы - мемлекеттік тілде» - деген еді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан қарыштап дамып, озық елдердің қатарына жетуге ұмтылуда. Осы биік мақсатқа жету жолында бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін аса маңызды фактор – мемлекеттік тіл», - деді Айна Мысырәлімова.


Шарада өңірдің қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, тілдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар тіл жанашырлары Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, шара барысында облыстық әдебиет және өнер мұражайы әзірлеген көрме келушілер назарына ұсынылды.



Соңғы жаңалықтар