Ақмолада сотталған жігіт түрме қызметкеріне пара бермек болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында істі болған ер адам қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкеріне пара бермек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегінше, 1988 жылы туған Ақмола облысының тұрғыны жазасын өтеуге қолайлы жағдай жасау үшін Көкшетау қалалық тергеу изоляторының қызметкеріне мекемеге ұялы телефон кіргізу үшін ақшалай сыйақы бермек болған.

«Пара бермек болған жігіттің әрекетін әшкерелеу үшін мекеме қызметкері бұл ұсынысқа әдейі келіскен. Кейін рапорт негізінде, заң аясында аталған оқиға ЕЦ-166/23 ақпаратты тіркеу кітапшасында тіркеліп, одан әрі процессуальдық шешім қабылдау үшін Ақмола облыстық ПД ІҚБ жолданды. Осыған байланысты ҚР ҚК 367-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арада бір-екі күн өткенде түрме изоляторы қызметкерінің банк карточкасына істі болған ер адамның әйелі 35 000 теңге ақша салған», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.


Соңғы жаңалықтар