Ақмолада сиырдың жаппай індетке шалдығуы туралы мәлімет жалған-мамандар

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының мал дәрігерлері Шортанды ауданы және Целиноград ауданының Софиевка ауылында сиырдың жаппай індетке ұшырағаны туралы ақпаратты жалған екенін айтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысының ветеринария басқармасы Целиноград ауданының Софиевка ауылында және Шортанды ауданында iрi қара мал ауруының пайда болуы туралы түсiндiрмемен мессенджерде (WhatsApp) жарияланған видео шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы хабарлайды. Жануарлардың жұқпалы аурулармен ауру фактiлерi анықталған жоқ. Малға бақылау бойынша жұмыс облыстың барлық аудандарында жүргiзiлуде.

Мессенджерлерде таралған видеолардың шығу тегi белгiсiз (фейк) және жалған мәлiмет болып табылады.

Ветеринария басқармасының мамандарымен ақпаратты жiберушiлерге түсiнiктемелер мен түсiндiрмелер берiлдi, мәселе жергiлiктi полиция қызметiмен пысықталды.

Облыс аумағында эпизоотиялық тұрғыдан жағдай тұрақты және үздiксiз бақылауға алынған.

Ветеринария мәселелерi бойынша түсiнiктемелердi Ақмола облысының ветеринария басқармасынан алуға болады. Сенiм телефоны 8 (716-2) 72-29-05», деп жазылған Ақмола облысының ветеринария басқармасының ресми сайтында.

Соңғы жаңалықтар