+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ақмолада шағын бизнесті заңсыз тексерген меморгандар жауапқа тартылды

2021 жылғы 14 маусым 22:23
Бөлісіңіз:
Ақмолада шағын бизнесті заңсыз тексерген меморгандар жауапқа тартылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік субъектісін заңсыз тексерген мемлекеттік органдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада карантин тәртібін бұзғандарға 159 млн теңге айыппұл салынды

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Президент Жарлығымен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге 3 жылдық мораторий енгізілді.

Нәтижесінде, Ақмола облысының аумағында 2020 жылдың өзінде ғана бизнес субъектілерін тексеру саны 2 есеге (8074-тен 4299-ға дейін) азайды.

Мысалы, Мобильді топ Шортанды ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметін заңсыз тексергенін анықтады.

«ЖҚС объектісін тексеру мораторий талаптарын бұза отырып (орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімін шығарусыз) ғана емес, тексеруді тағайындау және оны ҚСжАЕК органдарында тіркеу туралы нұсқама шығарусыз да жүргізілді. Осыған байланысты ӘҚБтК-нің 175 бабының 1-ші бөлігі «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Сот қаулысымен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы 14 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ведомстводан.

Ақмола облыстық прокуратураның баспасөз қызметі атап өткендей, тұтастай алғанда, мораторийдің қолданылу кезеңінде негізсіз тексерулер тағайындау фактілерінің жолын кесу оларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасында тіркеу сатысында жүргізіледі.

«Қабылданған шаралардың арқасында шағын кәсіпкерлік субъектілерін 12 негізсіз тексерудің алдын алды. Мысалы, Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының мораторий белгілеген су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі тыйымына қарамастан, ағымдағы жылдың қаңтар айында шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеруді тағайындау туралы акт заңсыз шығарылған. Осы тексеру актісін тіркеуден бас тартылды, кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп толықтырды ведомстводан.

Осы ретте тәулігіне 24 сағат бойы тексерушілердің іс-әрекетіне кәсіпкерлер жүгіне алатын прокуратуралардың барлық деңгейінде сенім телефоны бар (облыс прокуратурасының нөмірлері: 8 716 2 40-29-08, 8 777 615 75 29) Call-орталығы жұмыс істейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT