Ақмолада республикалық жастар білім беру лагерінің екінші ауысымы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Зерен» сауықтыру орталығының базасында «Зерен» республикалық жастар білім беру лагерінің «Жаңғыру трендтері» екінші ауысымының ресми ашылуы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Аида Балаева, ҚазАқпарат ХАА бас директоры Асқар Умаров, белгілі саясаттанушы Айдос Сарым қатысты.

Жастар алдында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мемлекет пен қоғам алдында тұрған міндеттерді саралай келе, сол міндеттерді шешуге жастардың да білек сыбана атсалысу қажеттігіне тоқталды.

«Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Рухани жаңғыру» мақаласында ұлттың табысты болуы бәсекеге қабілеттігімен айқындалатын атап өткен еді. Сол себепті бүгінен бастап білімді, қабілетті, ұлттық рухы биік, парасатты жастар тəрбиелеуіміз керек. Өйткені, Қазақстанның болашағы білімді және тәрбиелі жастардың қолында. Бүгінгі күні елімізде жастардың өнегелі ұрпақ боп өсуіне барлық жағдай жасалынып отыр», - деді А.Балаева.
null

Жастар алдында сөз сөйлеген белгілі саясаттанушы Айдос Сарым мен «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Умаров «Жаңғыру трендтері» тақырыбында ел мен жер, тіл тәрізді құндылықтар туралы ой толғап, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
null

Еске сала кетейік жақында Ақмола облысының «Зерен» сауықтыру орталығының базасында «Зерен» республикалық жастар білім лагерінің «Digital-ұрпақ» атты бірінші ауысымы ресми түрде ашылған болатын. Оған еліміздің әр өңірінен келген жастар ұйымдарының көшбасшылары, жас кәсіпкерлер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары құралған жастар қатысуда. Лагерь 12-26 тамыз аралығында 3 тақырыптық ауысымда өткізіледі. Бүгін «Жаңғыру трендтері» екінші ауысымы ашылды.
null

Соңғы жаңалықтар