Ақмолада республикалық маңызы бар бірқатар жолдар ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында республикалық мақсаттағы күре жолдардың бірқатар учаскелері көліктің барлық түріне ашық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Күннің ашылуына байланысты қаңтардың 3-і сағат 09:00-ден бастап республикалық мақсаттағы күре жолдардың «Нұр-Сұлтан - Петропавл» 18-231 шақырымы (Щучье - Нұр-Сұлтан), «Щучье - Зеренді» 0-80 шақырымы (Щучье - Зеренді),«Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Киевка - Теміртау» 42-51 шақырымы (Нұра ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) учаскелерінде көліктің барлық түріне жол ашылды», - дейді ведомстводан.

Еске сала кетейік, бүгін түнде ақтүтек боранға байланысты Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан маңында жол жабылған болатын.



Фото: a.d-cd.net

Соңғы жаңалықтар