Ақмолада республикалық білім лагерінің бірінші ауысымы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Зерен» сауықтыру орталығының базасында «Зерен» республикалық жастар білім лагерінің «Digital-ұрпақ» атты бірінші ауысымының ресми ашылуы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин жəне «Казконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Рухани жаңғыру» мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы бәсекеге қабілеттілігімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деп атап өтті. Бүгінгі басқосуымыздың негізгі мақсаты -білімді, қабілетті, ұлттық рухы биік, парасатты жастарды қалыптастыру. Қазақстанның болашағы - білімді және тәрбиелі жастардың қолында. Сіздердің ұсынған жаңа жобаларыңыз әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруге ықпал етеді деп сенемін», - деді аймақ басшысы құттықтау сөзінде.
null

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш лагерь Зерендідегі «Сұңқар» сауықтыру кешені мен «Aurora Garden» демалыс орталығында биылғы 12-26 тамыз аралығында 3 тақырыптық ауысымда өткізіледі. 1 ауысым - «Digital-ұрпақ», «Поколение Digital», «Digital generation», 2 ауысым - «Жаңғыру трендтері», «Тренды модернизации», «Trends of Modernization», 3 ауысым - «Бизнес сиқыры», «Магия бизнеса», «Magic of business» .

Лагер қатысушылары - жастар ұйымдарының көшбасшылары, жас кәсіпкерлер, еліміздің барлық өңірлерінен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары. Барлығы -300 адам (ауысымда 100 адам). Лагерь жастар саясатының, бизнес пен social-медиадағы жаңа технологияларды үйрету, тәжірибе алмасу және жастар саясатының үдерістерін жетілдірудің тиімді тетіктерін әзірлеу, жастар әлеуетін дамыту арқылы Мемлекет басшысы жариялаған 5 мега-трендін талқылаудың бірегей алаңы болады.

Лагерде білім беру бағдарламалары (семинарлар, тренингтер, мастер-кластар, сұхбат алаңдары), танымал қазақстандық және саяси қайраткерлермен кездесулер, тақырыптық жобаларды әзірлеу, оларды ұсыну және дерекқорды қалыптастыру бойынша үздік жобалар мен идеялар іріктеліп, тізілімі жасалады.

 

nullnull

Соңғы жаңалықтар