Ақмолада «Recommended by Visit Aqmola» жүйесі енгізілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Recommended by Visit Aqmola» сапа белгісін тағайындау жүйесі енгізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығының мәліметіне қарағанда, «Aqmola Tourism Awards» өңірлік сыйлығында жүлделі орын алған «Круиз», «Яссауи», «Амега тур» туристік фирмалары, «Rixos Borovoe», «Aurora Garden», «Park House» отельдері, «Зерен тур», «Бейбарыс», «Elikti Park» демалу орталықтары, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру орталығы, «Алмаз», «Зеленый бор» шипажайы және «Бурабай Даму» серіктестігі осы «Recommended by Visit Aqmola» сапа белгісіне ие болды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл сапа белгісін тағайындау туристік нысандар ұсынатын қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, Франция үкіметі «Qualité tourism» немесе «Качественный туризм» сапа белгісін тағайындады. Бұл марка қонақтар үшін ең үздік туристік қызметтерді біріктіріп, таңдайды. Мұнда отельдер, туристік апартаменттер, туристік ауылдар, кемпинг, мейрамхана, дәмхана, туристік агенттіктер мен кеңселер, мәдени және табиғи көрікті орындарының қызметтері ұсынылған.

«Qualité tourism» маркасы бұл әр турист сене алатын, сапалы қызметтер ұсынатын туристік мекемелердің белгісі болады. Марканың басты құндылығы жоғары деңгейдегі қызмет сапасы, қызметкерлердің кәсібилігі мен құзыреттілігі болып табылады», - дейді ведомстводан.

Ал, Испаниядағы «Q» сапа белгісі сервис, қызмет, қауіпсіздік және кәсібиліктің ең жоғары деңгейіне кепілдік бере алады. Бұл белгіні алу үшін туризм саласында қызмет істейтін фирмаға халықаралық нарықта Испанияны ұсына алатынын дәлелдеуі керек.

«Q» белгісі - бұл жоғары сапа ұсынатын бренд. Мұны жоғары сапа стандартына жауап бере алатын туристік ұйымдарға ICTE (El Instituto para la Calidad Turística Española) тәуелсіз агенттігі тағайындайды.

Қазіргі кезде, Каталонияда 400 жуық орын «Q» белгісін алған», деп толықтырды «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы.

Айта кету керек, испанияның «Q» сапа белгісін тағайындау жүйесін Қазақстанға да енгізу жоспарда бар. Пилоттық жоба ерікті түрді Астана, Алматы қалалары және Алматы облыстарында жүзеге асырылмақшы.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиевтың айтуынша, өзге өңірлерде бұл пилоттық жобаға қосылуына болады.

Соңғы жаңалықтар