Ақмолада Qnet қаржы пирамидасының басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Qnet» халықаралық қаржы пирамидасының басшыларына қатысты қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМА сілтеме жасап.

«Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті «Qnet» халықаралық қаржы пирамидасы компаниясының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл ұйым ҚР аумағында тіркеуі жоқ, кәсіпкерлік қызметпен айналыспайды, банктік қызмет пен банктік операцияларды жүргізуге лицензиялары, рұқсаттары жоқ. Іс бойынша айыпталушылардың біріне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - делінген агенттік хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар