Ақмолада Президент Жолдауын іске асыру міндеттері айқындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша актив отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шараға депутаттық корпус өкілдері, облыстық басқармалар мен департамент, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық ұжымдар, ұлттық компания төрағалары, саяси партиялар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Активті ашқан аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Президент биылғы Жолдауы ел экономикасын дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтеруге бағытталғанын атап өтті. Жиында қазіргі замаңғы тиімді мемлекет, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, өңірлерді дамыту сияқты мәселелер сөз болды.
Мемлекет басшысының Жолдаудағы ең басты міндеттердің бірі қоғам мүшелерінің билікке деген сенімін күшейту, құқыққорғау органдары саласында толыққанды реформа жүргізу, индустрииландырудың үшінші бес жылдығын жүзеге асыру, халықтың әл-ауқатын арттыру, көпбалалылар мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, адам капиталын арттыру, білім, денсаулық сақтау салсындағы қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, бұқаралық спортты дамыту сияқты әлеуметтік салаға басымдық беріліп отыр.
Сонымен қатар, актив жиналысында «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Ирина Терентьева, «Агрофирма Green Star» ЖШС директоры Иманғали Чүнкінов, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Той Дастархан» ЖШС директоры Елена Мащинская, «Тыныс» акционерлік қоғамының бастауыш партия ұйымының төрағасы Данияр Ташенов, Щучинск қаласындағы №7 мектеп лицейінің директоры Дамир Сұрағанов сөз сөйледі.
Мемлекет басшысының алға қойған міндеттері, бұл бүкіл саланы қамтитын бүтін жүйе ғана емес, жалпы, Қазақстан экономикасын дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтеруге бағытталғанын туралы жиынға қатысушылардың ойы бір жерден шықты.
«Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін ақмолалықтар бар күш-жігерін қосатынына сенімдімін», -деді атап өтті жиынды қорытындылған аймақ басшысы.
Активті қорытындылаған Ермек Маржықпаев құжаттағы тапсырмаларды орындау үшін нақтылы міндеттер белгіледі.
Жолдауда көрсетілген өзекті мәселенің бірі - көпбалалы, аз қамтылған отбасыларын баспанамен қамту. Ақмола облысында осындай 950 отбасы пәтер кезегінде тұр. Биылғы жылы 176 отбасының баспанымен қамту жоспарланған. Келер жылдан бастап, жыл сайын 260 аз қамтылған көпбалалы отбасылардың қамту көзделген.





Соңғы жаңалықтар