Ақмолада полиция қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Қазақстан полициясы күні мен Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облысық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Достар» мәдениет сарайында ұйымдастырылған салтанатты шарада сөз алған Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Білəлов құқық қорғау қызметі аса мәртебелі міндет екендігін айта келе, осы жауапты жолдан әр полицейдің сүрінбей өтіп, халқының мақтанышына айналуына ниеттестігін білдірді.

«Еліміздің тыныштығын сақтап, қауіпсіздігін қорғайтын Қазақстан полициясы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында адал қызмет етуде. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде құқық қорғау саласы айтарлықтай дамып, тәртіп сақшыларына келелі міндет жүктеліп отыр. Оның ішінде ақмолалық тәртіп сақшыларының келер жылы Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жауапкершілігі арта түседі», деді өз сөзінде Берік Білəлов.

Шарада жоғары жетістіктерге қол жеткізген 15 полиция қызметкері ҚР Ішкі істер министрінің төс белгі, грамота және Алғыс хатпен марапатталды. Бұдан бөлек, Қазақстан полициясы мерекесіне орай өңірдегі 252 полиция ардагері мен 1171 тәртіп сақшысы түрлі деңгейдегі наградалармен марапатталып отыр.

Соңғы жаңалықтар