Ақмолада полиция қызметкерлері қылмыстық топ құрған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және пара алғаны үшін полиция қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ құрған Степногор қалалық ПБ басшысының орынбасары, полиция полковнигі Т.Дүйсембаев, Бестөбе кенті полиция бөлімінің басшысы, полиция капитаны Д. Айнагелдинов, Ақсу кенті полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі С.Бибатыров, Степногор қалалық ПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкері, полиция капитаны А.Құлышев, ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері полиция майоры А.Жекібаев және азамат Б.Мәдиевке қатысты сотқа дейінгі жүргізілген қылмыстық істі тергеу шаралары аяқталды.

Аталған тұлғалар «Қазақалтын»ТКМК» АҚ құрамында алтыны бар рудасының заңсыз айналымына қатысты тұлғалардан жүйелі түрде пара алуы үшін ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. 2019 жылы 15 шілдеде Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Т.Дүйсембаев 11 жылға, Д.Айнагелдинов, С.Бибатыров, А.Құлышевтер 10 жылға, А. Жекібаев 8 жылға және Б. Мәдиев 6 жылға сотталды.

Сотталушылар өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан, сондай-ақ, полиция офицері арнайы атағынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар