Ақмолада пәтерге «бомба қойылды» деп полицияға жалған хабар берген адам сотталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Степногорск қалалық сотында терроризм актісінің дайындалып жатқаны туралы жалған хабарлама беріп, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіше, азамат К. Мас күйде бола тұра, 102 телефон нөміріне қоңырау шалып пәтерде жарылғыш құрылғының орнатылғаны туралы хабарлаған.

Дайындалып жатқан жалған терроризм актісі хабарламасының кесірінен қоғамдық қауіпсіздік бұзылды. Тиісті қызметтер оқиға орнына шұғыл аттандырылған. Олар еш негізсіз біреудің жалған ақпараты салдарынан материалдық шығынға ұшырады.

«Степногорск қалалық сотының үкімімен азамат К. қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар