Ақмолада пәнаралық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, олимпиада Көкшетау қаласындағы С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейде өтті. Оған 9-11 сыныпта оқитын 400-ден астам оқушы қатысты.

«Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс мектептеріндегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ мектептеріндегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география, «Адам.Қоғам.Құқық» пәндері бойынша өтті. Олимпиада қорытындысына сәйкес «Үздік команда-2020» аталымы бойынша 1-ші орынға «Білім-инновация» лицей интернаты ие болса, 2-ші орынға Көкшетау қаласы, 3-ші орынға Көкшетаудағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты лайық деп тынылды.

Сонымен қатар, 32 оқушы алтын медаль, 33 оқушы күміс және 94 оқушы қола медаль иегері атанды. Бірінші және екінші орын алғандар наурыз айында Талдықорған және Қарағанды қалаларында өтетін республикалық кезеңде бақ сынайтын болады», - дейді білім басқармасының баспасөз қызметіндегідер.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау.



Соңғы жаңалықтар