Ақмолада металл қабылдау пунктін тонаған 3 күдікті ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында темір-терсек қабылдайтын орынды тонап кеткен 3 күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға 6 маусымда Бестөбе кентінде тіркелді. Белгілі болғандай 22 жастағы зардап шегуші қара және түрлі түсті металл қабылдаумен айналысқан. Түнгі сағат 03:40-тар шамасында беттерін тұмшалаған бейтаныс 3 жігіт пункттің кеңсесіне баса-көктеп кіріп, оны соққыға жыққан және 450 мың теңге ақшасын тартып алған. Күдіктілер ізін суытқаннан сәтте зардап шегуші бірден Степногор қалалық ПБ хабарласқан.

«Аталмыш қылмыстық істі Ақмола облыстық ПД бастығы өз бақылауына алды. Жедел іздестіру шарасы барысында Степногор қаласының 18, 21 және 24 жастағы тұрғындары ұсталды. Күдіктілердің үшеуі де жұмыссыз, екеуі бұрын сотталған», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі бойынша (тонау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар