Ақмолада «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициясының облыстық кезеңі өтіп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы «Жұлдыз» балаларды сауықтыру орталығында дәстүрлі «Менің Отаным-Қазақстан» республикалық туристік экспедициясының 2-ші облыстық кезеңінің ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының қолдауымен Ақмола облыстық білім басқармасы ұйымдастырған шараға облыстың Біржан сал, Ақкөл, Зеренді, Есіл, Аршалы, Атбасар, Жақсы, Қорғалжын және Сандықтау, аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан келген 137 баладан құралған 20 команда қатысуда.

«Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жаспірімдер және жастар туризмін дамыту, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеу», дейді «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының мамандары.


Қатысушылар 3 күн бойы Бурабай ауданындағы көрікті жерлерге экспедиция жасайды. Сондай-ақ, «Спорттық- сауықтыру туризмі», «Экология-өлкетану бағыттары», «Мәдени-танымдық туризм» аталымдары бойынша өздерінің кәсіби шеберліктері мен дағдыларын көрсетеді.

Үздіктер 2-ші республикалық экспедицияға облыс атынан қатысатын болады.




Соңғы жаңалықтар