Ақмолада мемқызметшілер арасында оқырмандар марафоны басталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері арасында «Ұмытылмас мұра» атты оқырмандар марафон басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері жән сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірдегі мемлекеттік қызметшілермен кездесу барысында еліктіргіш «Ұмытылмас мұра» атты оқырмандар марафонын бастады.
«Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Ол мемлекеттік қызметшілер арасында көркем әдебиеттерді насихаттауға, олардың қазақ халқының бай тарихи және мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Осындай танымдық марафонды бастауды департаменттің облыстағы мемлекеттік қызметшілердің арасында «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасын іске асыру үшін жауапты маманы Марал Атамбаева ұсынып отыр», дейді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз-хатшысы Жазира Тоқтар.

Аталмыш марафонды жүзеге асыру аясында департамент барлық мемлекеттік қызметшілерді оған белсенді қатысуға шақырады. Марафонға қатысу үшін мемлекеттік қызметші өзінің әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында, не болмаса блогтарында өзі оқыған кітаптар жайлы айтып беруі тиіс. Қатысушы өзінің жазбаларының соңына міндетті түрде #umytylmasmura хэштегін қосу арқылы өзінің қатысатынын білдіреді.

Жоспар бойынша, аталған марафон ағымдағы жылдың мамыр айына дейін жалғасып, соңында қорытындысы шығарылады.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушылардың кітап оқуда және бұл бастаманы өзгелерге таратуда белсенділік танытып, сананың өзгерістерге ашықтығын көрсететініне сенімді.

«Мемлекеттік қызметшілердің назарын кітап оқып, білімін дамытуға аудару, олардың санасын арттыру, бәсекеге қабілетті жаңа мемлекеттік қызметшілер ұрпағын қалыптастыру - заманауи мемлекеттік аппаратқа қойылатын талаптардың бірі болып табылатынын атап өткен жөн», -дейді Жазира Тоқтар.

Соңғы жаңалықтар