Ақмолада медициналық мекемелерге 40 автокөліктің сертификаты тапсырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Медицина қызметкерлері күні қарсаңында өңірдегі медициналық мекемелерге арнайы қондырғылармен жабдықталған су жаңа 40 автокөліктің сертификатын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы «Көкшетау» мәдениет сарайында Медицина қызметкерлері күніне орайластырылған мерекелік шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты шара барысында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев өңірдегі медициналық мекемелерге арнайы қондырғылармен жабдықталған 40 автокөліктің сертификатын тапсырды.
null

«Бұл көліктердің 30-ы аудандар мен қалалардағы жедел-жәрдем медициналық қызмет көрсету желілік бригадасына бағытталып отыр. Реанимобилдер тұрғындарға жедел-жәрдем көрсетуге арналған, қазіргі заманға сай медициналық құрылғылармен жабдықталған. Сонымен қатар, 10 «УАЗ» көліктері де аудандық аурханалар мен жедел-жәрдем қызметіне тең үлестіріледі», деп атап өтті өңірдің жедел медициналық қызмет стансасының бас дәрігері Александр Высоцкий.

Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласынының дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандарына Алғыс хаттар мен ведомстволық наградалар табыс етілді.
null

Айта кетейік, Ақмола облысында денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға зор көңіл бөлінуде. Соңғы жылдары жаңа медициналық нысандар іске қосылып, қазіргі заманғы технологиялар игерілуде, сондай-ақ емдеу-алдын алу мекемелеріндегі құрал-жабдықтар түбегейлі жаңартылу үстінде.

Соңғы жаңалықтар