Ақмолада лаңкестіктің алдын алуға қатысты мәселелер талқыланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін өңір басшысы Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Комиссия отырысында Жақсы, Қорғалжын, Зеренді және Ерейментау аудандарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмыстардың нәтижелері талқыланды», деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы баяндамасы тыңдалды.

Отырыстың қорытындысы бойынша өңірдің терроризмге қарсы комиссиясы жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.

Соңғы жаңалықтар