Ақмолада құтқарушылар өзін өлтірмек болған 47 жастағы азаматты аман алып қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында құтқарушылар өзіне қол салмақ болған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Щучинск қаласында ер адам көпқабатты үйдің балконынан секіріп, өмірімен қош айтыспақ болған.

«Ақмола облысы ТЖД шұғыл кезекшісі жарты сағат бойы ер адаммен телефон арқылы сөйлесіп, психологиялық көмек көрсетті. Сөйтіп, оны суицид жасамауға көндіріп, райынан қайтарды», - деп атап өтті ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Ақмола облыстық ТЖД ақпаратына сенсек, өзіне қол салмақ болған - 47 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Төрт баласы бар. Ал оны райынан қайтарған - күрделі жағдайлар басқармасының шұғыл кезекшісі, подполковник Қанат Қайырлинов.

Ер адам «112» қызметіне өзі қоңырау шалған. Жанына ешкімді жақындатпай, жарты сағат тек қана кезекшімен сөйлескен. Азаматтың мұндай қадамға баруына отбасылық қиындықтар себеп болған.

Соңғы жаңалықтар