10:50, 02 Шілде 2020 | GMT +6
Ақмолада коронавирус жұқтырған әйелдер 10 баланы дүниеге әкелген
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қоңыратбек Құрманбек атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жұқпалы аурулар бөлімшесінде 10-шы сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жолғы ұл баланың есімін ата-анасы Әлихан қойған. Сәбидің анасына коронавирус диагнозы қойылды. Бала сау болып дүниеге келді.
«Жаңа туған сәбидің ата-анасын осынау қуанышымен құттықтаймын. Анасына тез сауығып кетуін тілейміз» делінген ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінде.
Айта кетейік, аталмыш бөлімшеде 6 қыз және 4 ұл дүние келді.