Ақмолада көпбалалы отбасылар ұлттық салт-дәстүрден сынға түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында көпбалалы отбасылар арысында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау бойынша сайыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының «Асыл мұра» отбасылық құндылықтар орталығын ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясында «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қикен сайыста облыстың әрі өңірінен жиналған алты көпбалалы отбасы «Құдалық», «Шеге шапан», «Құйрық бауыр», «Сәукеле», «Келіннің көрімдігі», «Орамал салу», «Бата» тәрізді ұлттық салт-дәстүрлерін паш етті.


«Шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін, отбасылық құндылықтарды насихаттау, жастардың бойында патриотизм мен отансүйгіштікті дамыту. Жеңімпаздар «Менің отбасым – менің байлығым» – таныстыру, «Дәстүр – біздің байлығымыз» – үй жұмысы, «Өнер» – ұлттық өнер сайысы, «Отбасы бақытының құпиясы» – төрешілердің сауалдарына жауап беру кезеңдері бойынша анықталды», - дейді сайыстың бас төрешісі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов.

Сайыс қорытындысы бойынша Хасеновтер отбасы бірінші орынға лайық деп танылса, Ысқақовтар мен Бижановтар отбасы екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

Шараға «Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық филиалы қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар