Ақмолада коммуналдық тарифтерге қатысты заңбұзушылықтар анықталды - прокуратура

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астрахан ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесі бойынша «Комхоз» коммуналдық кәсіпорыны қызметінде су және жылу энергиясын беру қызметіне тариф белгілеу саласында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Астрахан ауданының әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығы бар «Комхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны сумен және жылумен қамтамасыз ету тарифтерінде қызметтер мен жұмыстарға арналған нақты шығындарды негізсіз көтерген.

«Тұтынушыларға келтірілген шығын көлемі 2 миллион 166 мың теңгені құрады және биылғы 1 тамыздан бастап 1 жылға өтемдік тарифтерді енгізу жолымен өтелді.

Атап айтқанда, сумен жабдықтау бойынша тарифтер 74,8 теңгені немесе 38,7 пайызға (1 текше метр 193 теңгеден 118,2 теңгеге дейін), жылумен жабдықтау бойынша 488,7 теңгеге немесе 9,4 пайыз (1Гкал 5 173,2 теңгеден 4 684,4 теңгеге дейін) төмендеді», делінген баспасөз хабарламасында..

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша шамамен 4 700 азаматтың құқықтары қорғалды.



Соңғы жаңалықтар