Ақмолада көлікте отырған ер адам иіс тиіп көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 46 жастағы ер адам өз автокөлігінің ішінде иіс тиіп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға 15 қаңтарда Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында орын алған.

«1972 жылы туған ер адамның денесі өзінің гаражында тұрған «Ваз-21213» көлігінің ішінен табылды», - деп түсіндірді Ақмола облысының ПД баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тексеріс жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар