Ақмолада көлік жол бойындағы сауда сөресіне соғылып, 2 адам зардап шекті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат –Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан-Щучье» тас жолында көлік жол апатына ұшырады. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап хабарлайды.

Желідегі бейнежазбада айтылғандай, «Toyota Camry» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі қатар жүріп келе жатқан автокөлікпен соқтығысуды болдырмау мақсатында жолдан шығып кеткен.


Осының салдарынан автокөлік жолдың арнайы демалыс алаңында тұрған жеміс-жидек өнімдерін сататын сөреге соғылған.

«Жол апатынан жеміс-жидек өнімдерін сатып тұрған 35 және 40 жастағы екі әйел зардап шекті. Апатқа ұшыраған көлікте жүргізушіме бірге 20 мен 25 жас аралығындағы екі бойжеткен болды. Қазіргі кезде, оқиға орнында Бурабай аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел-тергеу тобы мен Тұлпар-9 жол-патруль қызметкерлері жұмыс істеуде», - дейді ведомствоның хабарламасында.




Соңғы жаңалықтар