Ақмолада кен орнында 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Қазақалтын» кенішінде 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ Бестөбедегі кенішіндегі жаңа шахтада болған.

Қазанның 17-де өндірістік жұмыстар кезінде топырақ опырылып кетті. Салдарынан кәсіпорынның 1987 жылғы жұмысшысы топырақтың астында қалып қойған.

«Оқиға сағат 12:30 орын алды. Сол кезде «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ құтқару отряды ер адамды топырақ үйіндісінің астынан алып шықты. Алайда, ол Степногор қалалық ауруханасында көз жұмды», - дейді Степногор қалалық ТЖ басқармасының бастығы Еркебұлан Есенжолов.

Қазіргі кезде кеніш штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар