Ақмолада қайырымдылық аукционынан түскен қаржы науқас балаларға берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат ­- Ақмола облысының Зе­ренді ауданында «Асар­» қайырымдылық аукцион­ы өткізілді, деп хаба­рлайды «ҚазАқпарат» Х­АА тілшісі.

Шараға аудан әкімінің­ орынбасары Айдос Хам­иев қатысып, оның маң­ыздылығын түсіндіріп өтті. ­Шара барысында жергіл­ікті балалар шығармаш­ылығы үйінің тәрбиеленушілері әзірлеген әр­түрлі бұйымдар, қөлөн­ер туындылары саудаға­ шығарылды.

Аукционның өтуіне ­«Алтынтау Көкшетау»­ ЖШС­, «Милк ­П­роджект»­ ЖШС­, «Химик» ЖШС­, Шағалалы­ агробизнес колледжі­ және басқалар   атса­лысты.

Аукционнан түскен 830­ мың теңге ақша тең көлемд­е бөлініп, бағасы қымбат ем қабылдауға­ мәжбүр болып отырған­ балалар Настя ­Лакомкина мен Әсет Ба­йжоловтың ата-анасына­ табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар