+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Ақмолада қатты желден 20 адам жарақат алып, 200-ге жуық ауылда жарық өшкен

2020 жылғы 8 сәуір 12:20
Бөлісіңіз:
Ақмолада қатты желден 20 адам жарақат алып, 200-ге жуық ауылда жарық өшкен

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында сәуірдің 7-де болған қатты желдің шығыны есептеліп, зардаптары қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жылдамдығы 30 м/с асқан қатты желдің салдарынан өңірде электр жарығын таратқыш желі бұзылып, әлеуметтік, тұрғын үй және коммерциялық нысандардың шатыры ұшқан, сондай-ақ, 20-адам астам адам зардап шегіп, бір адам көз жұмған.

«Қазіргі кезде 189 елді мекенде электрмен жабдықтау желісіне зақым келді. Оның ішінде «АРЭК» АҚ және «Көкшетау Энерго» ЖШС күшімен 51 елді мекенде электр энергиясын беру қалпына келтірілсе, 138 ауылда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Абонентер саны есептеліп жатыр. Сағат 15:00 дейін 108 елді мекенге жарық беріледі. Ал қалған 30 ауылда апат аумағына өту қиындық туғызып отырғандықтан қалпына келтіру жұмыстары кешеулдеп отыр. Бұл елді мекендерді баламалы электр таратқыш желісі арқылы жарық қосу мәселесі қарастырылуда. Толық және сапалы қалпына келтіру жұмыстары жел басылып, күн ашылған кезде ғана жүзеге асырылады», - дейді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметі келтірген деректерге қарағанда, табиғат апатынан Көкшетау және Степногор қалалары, сондай-ақ, 12 ауданда мектеп, аурухана, балабақша тәрізді 43 әлеуметтік нысан, 70 тұрғын үй және 6 коммерциялық нысанның шатыры ұшқан. Ал Бурабай ауданының Ұрымқай ауылында «Машина сарайы» ЖШС шатыры ұшып, 1980 жылғы ер адам көз жұмды.

«Табиғат апатынан келтірілген шығын көлемі есептеліп, зардаптарын жою жұмыстары үшін қажетті материалдар әзірленуде», - деп толықтырды ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT