Ақмолада із-түзсіз жоғалған студент қыз табылмай жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 16 жастағы студент қыз табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Анастасия Михайловна Музыкина 07.10. 2002 жылы туған. Щучьедегі туризм және спорт колледжінің 1-курсында оқиды. Қарашаның 9-да колледж жатақханасынан киімдерін жинап, белгісіз жаққа кетіп қалған. 11 қараша күні Ақылбай ауылында тұратын әкесі Бурабай аудандық ПБ кезекшілік бөліміне хабарласқан», - деп түсіндірді Ақмола облысының ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Полицейлер жоғалған қыз туралы мәліметтер болса, «102» телефон нөмірі арқылы құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.

Айта кетейік, Анастасия Михайловна Музыкина 07.10. 2002 жылы туған. Бойы - 160-162 сантиметр, шашы ұзын, қара. Қой көзді, томпақ ерін, орта бойлы. Ерекше белгілері жоқ. Үстіне қара-көк түсті кеудеше, қара-көк түсті белдемше, қара қысқа қоныш етік киген.

Анастасияның жоғалғаны туралы әлеуметтік желіде тұспалдау жарияланды.  

Соңғы жаңалықтар