Ақмолада із-түзсіз кеткен 26 жастағы бойжеткен Қарағандыдан табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жоғалған 26 жастағы қыз Қарағанды қаласынан ама-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы ақпанның 11-да Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне Симферополь ауылының 57 жастағы тұрғыны хабарласып, 26.06.1993 жылы туған қызы Шолпан Жұмабекқызы Ахметті іздеп табуға көмектесуді сұраған.

Іздестіру шарасы барысында жоғалған қыздың бұған дейін де үйінен кетіп, кейін қайта оралып отырғаны анықталды.

Шара барысында тәжірибелі тәртіп сақшыларынан арнайы топ құрылып, қылмыстық іс қозғалды. Такси, жолаушылар тасымалы құралдары мен вокзалдың маңы, көңіл көтеру орындары тексерілд.

Тәртіп сақшылары 8 күн бойы іздестіру шараларын бір тоқтатпады. Оған Көкшетау қаласының ПБ жеке құрамы тартылды. Нәтижесінде Шолпан 18 ақпан күні Қарағанды қаласындағы құрбысының үйінен табылды. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Ақмолада 26 жастағы бойжеткеннің жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар