+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Ақмолада итті азаптап, қорлаған балалар табылды

2019 жылғы 24 тамыз 23:15
Бөлісіңіз:
Ақмолада итті азаптап, қорлаған балалар табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық полицейлер Целиноград ауданы Талапкер ауылында төбетті азаптаған жасөспірімдерді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 24 тамыз күні әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында азапталған ит туралы видео тарап кеткен. Видео авторының сөзіне сенсек, оқиға Целиноград ауданының Талапкер ауылында болған.

«Полиция департаменті видеоны зерделеп, сол күні-ақ кәмелетке толмағандардың жеке тұлғасын анықтады. Целиноград аудандық ювеналды полиция қызметкерлерінің айтуынша, 22 тамызда 12, 10 және 7 жасар 4 бала итті ағашқа байлап, азаптап қинаған. Бұл ит сол балалардың біреуіне тиесілі. Жасөспірімдердің қатігездікке толы іс-әрекетіне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны тосқауыл қойды», - деп мәлім етті ведомстводан.

Полицейлер жануарларды азаптау фактісі бойынша балалармен әңгімелесіп, түсіндірді. Құқық бұзушылар кәмелет жасына толмағандықтан олардың ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

« Балалар бақуат отбасыда өсіп жатыр, олар полицияда есепте тұрған жоқ», - деп қосып өтті ведомстводан.

Қазіргі таңда Барс атты ит иесінің рұқсатымен Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа қожайынының қамқорлығына берілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға, Заң,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT