+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Ақмолада инспектор пойыз бригадирлерінен жүйелі түрде пара алған – агенттік

2019 жылғы 7 қараша 13:23
Бөлісіңіз:
Ақмолада инспектор пойыз бригадирлерінен жүйелі түрде пара алған – агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметіне сай, Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы Т.Оспанов пойыз бригадирлерінен 5-20 мың теңге аралығында ақша алып отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шамалған стансасында жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды Желтоқсан айындағы мереке күндері қосымша пойыздар шығарылады «Ұлттық тестілеу орталығының» директоры сотталды

«Ақмола облысында Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы Т.Оспановқа 3,3 млн теңге сомасында, бұрынғы қызметкерлер Ж. М. Үсентаевке 1 млн 790 мың теңге және К. Нұрбековқа 1,1 млн теңге айыппұл салынды. Бұл жағдайда Оспанов қызметтік жағдайын пайдаланған. Ол Үсентаев пен Нұрбековтың астыртын қолдауымен жүйелі түрде пойыз бригадирлерінен 5-20 мың теңге аралығында ақша алып отырған. Оспанов жолаушыларды билетсіз тасымалдау мен жүктерді заңсыз алып жүрудің жолын кесу шараларын қабылдамаған», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Агенттік өкілі Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысына қатысты 17 фактінің анықталғанын айтады.

«Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, көліктік бақылау қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көп таралған түрі - парақорлық және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT