+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Ақмолада героин саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

2019 жылғы 11 қазан 20:44
Бөлісіңіз:
Ақмолада героин саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ірі көлемде героин саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда бес күнде 26 келіден астам марихуана тәркіленді Сыртқы істер министрі Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты пікір білдірді Төлебиде түрмеге келген тұрғын туысына есірткі алып өтпек болған

Ведомствоның мәліметінше, қазанның 10-ында ПД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу шарасы кезінде ірі көлемде героин саудасымен айналысқан топтың жолын кесті. Жедел іздестіру шарасы барысында Атбасар қаласының 3 тұрғыны ұсталды. Оның екеуі - ерлі-зайыптылар.

«Тінту кезінде 48 жастағы күдіктіден 7 полиэтилен орамаға салынған 44,23 грамм есірткі заты табылды. Сараптама табылған заттың героин екенін анықтады. Ал оның 72 жастағы анасының үйінен жасырулы тұрған 404, 14 грамм героин табылды. Жалпы, осы арнайы шара барысында полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 465,79 грамм есірткі затын «героин» тәркіледі. Ұсталған қылмыстық топтың екеуі есірткі саудасына қатысты ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған», дейді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT