+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Ақмолада еліміздегі ең ірі құс фабрикасы іске қосылды

2018 жылғы 28 қыркүйек 15:26
Бөлісіңіз:
Ақмолада еліміздегі ең ірі құс фабрикасы іске қосылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Индустрияландыру картасы аясында еліміздегі және Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұланды ауданында ашылған «Макинск құс фабрикасы» ЖШС жылына 50 мың тонна құс етін өндіруге қауқарлы. Бұл қуаттылығы, техникалық жабдықталуы және инвесторлардың құрамы жағынан бірегей жоба. Инвесторлар арасында «Aitas KZ» АҚ, Еуропа қайта құру және даму банкі, Baiterek Venture Fund венчурлық қоры бар, ал кредиторы - «Қазақстан даму банкі» АҚ.

Маңызды жобаны жүзеге асыру өңірде жаңа жұмыс орындарын ашып, өндірісті дамытуға серпін береді. Сонымен қатар, аталған жоба Астана қаласы айналасында азық-түлік белдеуін дамытуға септігін тигізбек.


nullШараға аймақ басшысы Мәлік Мырзалин, «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Бұл - құс етін өндірудегі еліміздегі ең ірі жобалардың бірі. Жобаны іске қосу жергілікті өндірістің және құс етін жеткізіп беру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді М.Мырзалин өз сөзінде.


nullКәсіпорын басшыларының айтуынша, бұл жылына 25 мың тонна құс етін өндіру жөніндегі жобаның алғашқы кезеңі. Фабрика келер жылы толық қуатына шығады деп жоспарланған. Сол кезде еліміздегі құс еті импортының үштен бір бөлігін жабады.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT