Ақмолада Елбасы мақаласын талқылауға арналған ТEDх жиындар өтіп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының білім беру ұйымдарында студенттер мен оқушылар арасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға бағытталған ТEDх жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық білім басқармасының бас маманы Марина Лидің айтуынша, биылғы жыл халқымыздың тарихи санасын жаңғыртудағы жаңа кезең болып отыр. Елбасының жақында жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жастарды жаңа жетістіктерге жетелейді. Оқушылардың патриоттық сезімін оятып, отансүйгіштікке, рухани жəне адамгершілікке тəрбиелеп, интеллектуалдық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау әрі сақтау - елді бекемдеудің тікелей кепілі. Осыған орай, қаңтардың 14-26 күндері аралығында Ақмола облысының білім ұйымдарында студенттер мен оқушылар арасында «Ұлы даланың жеті қыры» ТEDх форматындағы жиындар өткізілуде.

Шараның мақсаты - оқушыларға қазақ халқының рухани бастауы мен интеллектуалды мұрасының терең екендігін, жаңғыруды жасайтын тарихи үлгі, жаһандық қауіп-қатерге ұлттық жауап, әлемдік өркениет кеңістігінде қазақ этносының орны мен рөлін түсіндіру.

null «Көкшетау қалалық №17 орта мектебінде жоғары жәе төменгі сынып оқушыларының арасында диалог алаңы ұйымдастырылды. Онда облыс орталығындағы киелі жерлер туралы «Менің Көкшетауым» квест ойыны өткізілді. Бір айта кетерлігі, бұл мектепте Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын оқушыларға көрсетуде ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мектепте киелі жерлер туризмі жақсы дамыған. Соңғы 2 жылдың ішінде оқушылар Түркістан, Петропавл, Атырау қалаларының киелі орындарында және Шоқан Уәлихановтың туған жерінде болды. Сонымен қатар, мектепте қазақстандық зілтемірші, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин оқыған Қызылорда қаласының №198 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен онлайн-конференция ұйымдастырылды», - дейді Марина Ли.null

Қуантарлығы - бұл мектепте осындай шаралар мақсатты түрде жиі өткізіліп тұрады. Шара халқымыздың тарихын білуге жəне туған өлкесін зерттеуге мүмкіндік береді.

«Жақында мектепте мұражай ашу жоспарда бар. Онда оқушылар туған өлкесін зерттеп қана қоймайды. Ол келешек ғалымдарды, тарихшыларды, географтарды, бəсекелестікке төтеп беретін жəне прагматикалық ұрпақ тəрбиелеуге мүмкіндік береді», - деп сөзін толықтырды Марина Ли.

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні осындай шаралар Бурабай жəне Бұланды аудандарындағы білім ұйымдарында да өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар