Ақмолада екі полковниктің үстінен қылмыстық іс қозғалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында полиция полковниктері А.Е.Сәдуов пен С.К.Жұмалинаның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақмола облыстық ПД Ішкі қауіпсіздік басқармасы ҰҚКД ведомстворалық жедел тергеу тобымен бірлесіп, ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігі бойынша (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және жұмсау) қылмыс жасаған полиция полковнигі А.Е.Сәдуов пен С.К.Жұмалинаға қатысты іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды» делінген хабарламада.

Анықталғандай, күдіктілер жыл бойы заңбұзушылық жасаған. Полиция полковнигі Сәдуов ішкі істер органдарындағы қызметінен қуылды.

«Тергеу амалдары одан әрі жалғасуда», - дейді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар