Ақмолада дəрігер кадрларды сақтау бойынша жағдай түсіндірілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығында дәрігер кадрларды сақтау бойынша жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың мамыр айында облыста ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы əзірлеген «Ақмола облысының 2017-2025 жылдарға арналған медициналық ұйымдардың инфрақұрылым дамыту біріңғай перспективалық дамуы жоспары" жаңа мемлекеттік нормативтерге сəйкес денсаулық сақтау желісін тиісті деңгейге келтіру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді.

Краснояр кентіндегі ауыл ауруханасы алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығына тапсырылды. Жобаны жүзеге асыруда жалпы профильді -2 станционар жəне медбикелер қарайтын 40 орындық кереует бұрынғыша өзгеріссіз қалды.

Осылайша, орталық медициналық мекемеге тіркелген ауыл тұрғындары кең көлемде медициналық қызмет алу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Медициналық мекеменің бас дəрігері Балқия Уайсова қысқарту болмайтынын, барлық 15 дəрігер жəне одан өзге 12 адамның штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар