Ақмолада цемент зауытының пешін тазалап жүрген үш жұмысшы күйіп қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысындағы «Көкше Цемент» ЖШС-ның жұмысшылары пеш тазалап жүріп, күйіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға тамыздың 31-де сағат 14:30-да Біржан сал ауданындағы Заозерное ауылынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан «Көкше Цемент» ЖШС аумағында болған.

«Кәсіпорынның цемент клинкерін (ұсақ түйіршектелген сазды әктасты күйдіру арқылы алынатын өнім) күйдіруге арналған пешті тазалау кезінде 1983 жылы туған Е.С. Салықов пен 1989 жылғы Б.А.Аузаров 18 пайыз және 2000 жылғы А.Б.Өскімбаев 5 пайыз дене күйігімен ауруханаға жеткізілді», дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ал, зардап шеккендер жатқызылған Бурабай аудандық ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, жұмысшылардың жағдайлары орташа, травматология бөлімшесінде тиісті ем қабылдауда.

Қазір осы оқиға байланысты құрамында еңбек инспекторлары бар арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар