Ақмолада бүгін коронавирус жұқтырған 9 адам - Целиноград ауданының тұрғындары

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 10 жағдайы тіркелді. Оның 9-ы - Целиноград ауданында, біреуі - Көкшетау қаласында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған 10 адамнан зертханалық зерттеу үшін сынама алынды. Диагностикалық зерттеудің қорытындысы бойынша барлығында COVID-19 диагнозы расталды», - дейді ведомстводан.

Департаменттің мәліметінше, қазіргі кезде науқастар жұқпалы аурулар станционарына жатқызылып, тиісті ем қабылдауда.

«Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Сондай-ақ ауру жұқтыру ошағында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде», деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетейік, 2020 жылдың 12 сәуіріндегі жағдай бойынша өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған барлығы 71 адам бар. Оның ішінде Целиноград ауданында – 65, Аршалы ауданында – 3, Көкшетау қаласында – 2, Шортанды ауданында – 1 жағдай тіркеліп отыр.

Еске сала кетейік, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған адамдар саны - 897.


Соңғы жаңалықтар