Ақмолада боранды күні шөпке кеткен 3 тракторшы табылмай жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Есіл ауданында боранды күні шөп әкелуге кеткен үш тракторшы адасып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпара өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар Есіл ауданының Ақсай және Красивое ауылдарының ортасында жоғалып кеткен.

«Престиж» шаруа қожалығының үш тракторшысы К-700, МТЗ-80 және МТЗ-82 тракторларына мініп, шөпке кеткен. Жұмысшылар кеше таңертең діттеген жеріне барып, шөп артып, кешкісін ауылға қарай жолға шыққан. Қайтар жолда із-түзсіз кетті. Әуелі табылады деп үміттенген, бірақ бүгін таңертең ауылдықтар көмек сұрап бізге келді», - дейді Есіл ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ержан Қаппасов.

Тракторшылардың Ақсай және Красивое ауылдарының аралығындағы қара жолмен кеткені белгілі. Іздестіру шараларына ДЭУ, аудандық ТЖБ және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмылдырылуда

Жұмысшыларды іздеу жұмысы әлі нәтиже берген жоқ. Өйткені дәл қазір далада ештеңе көрінбейтін ақтүтек боран соғып тұр.

Иллюстрациялық фото: bereznyagovskoe.e-gov36.ru

Соңғы жаңалықтар