Ақмолада биыл еңбек заңнамасы 430 рет бұзылған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдегі кәсіпорындарда еңбек жағдайларын жақсарту және қорғалуын ұйымдастыру іс-шараларының мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметтеріне сілтеме жасап.

Кеңесте баяндама жасаған Ақмола облысы бойынша Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Берік Мұстафинның мәліметі бойынша, 2018 жылы еңбек заңнамасының 430 рет бұзылғаны анықталған, бүгінгі таңда оның барлығы жойылған. Аула бойынша жүргізілген сауалнама бойынша 6 мыңнан астам азаматтың зейнеткерлік аударымдарсыз жұмыс істейтіні анықталды. Өндірістік жарақаттану фактілері бойынша 54 қайғылы оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілді.

«Ағымдағы жылдың басынан бері еңбек заңнамасына қатысты өзекті мәселелерді талқылау бойынша дағдарысқа қарсы штабтың 2 отырысы, 79 семинар, 7 диалогтық алаң өткізілді.

«Осы мәселе бойынша өңір басшысы аудандар мен қалалардың әкімдеріне жеке тұлғаларды бейресми еңбек қатынастарына тарту бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізуді, еңбек инспекциясы жөніндегі басқармамен бірлесіп, кәсіпорындарда еңбек қауіпсізді мен оны қорғау жөніндегі стандарттарды енгізу жұмысын жүргізуді тапсырды», деді Берік Мұстафин.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе өңірдің әлеуметтік объектілерінде 25 қыркүйекте басталған жылу беру маусымының барысы туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимур Хамзин баяндамасы тыңдалды.

«Есіл қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған жаңа қазандық іске қосылды. Ол жылу энергиясымен 152 объектіні қамтамасыз етеді, келесі жылу беру маусымында қосымша 210 объект қосылатын болады. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Шаңтөбе кентінде де қазандық салынды, ол жылумен жабдықтаумен 88 көп пәтерлі тұрғын үйлерді және 20 кәсіпорынды қамтиды. Сонымен қатар, Астрахан ауданының Жалтыр ауылында реконструкциялаудан кейін қазандық іске қосылды, ол тұтастай алғанда аталған елді мекенді жылумен жабдықтау сапасын жақсартты», деді басқарма басшысы.

Кеңесте өңір басшысы Мәлік Мырзалин аудандар мен қалалардың әкімдеріне, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мәдениет басқармаларының басшыларына жылу беру маусымының тұрақты өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетейік, бүгін өткен аппарат кеңесінде аймақ басшысы М.Мырзалин жиналғандарға Ақмола облысы әкімінің аппарат басшысы болып тағайындалған Талғат Бөлтеновты таныстырды.

 

Соңғы жаңалықтар