Ақмолада бірқатар сот төрағалары мен судьялар тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров облыстық соттың пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Ақмола облысы сот төрағалары мен судьяларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттің 17 шілдедегі жарлығымен Даулетияр Машрапов Жарқайың аудандық соты судьясы лауазымынан босатылып, Астрахан аудандық сотының төрағасы қызметіне, Гүлмира Анарбекова Біржан сал аудандық аудандық сотының төрағасы қызметіне, Айнагүл Аймурзинова Көкшетау қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, Ақмола облыстық сотының қызметіне, Торқалы Бектұрсынов СҚО Айыртау аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар, құрметті отставкаға кетуіне байланысты Ерлан Жанәділов Ақмола облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы қызметінен және Абай Макитов Ақмола облыстық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров тағайындалған төрағалар мен судьяларды құттықтап, сот төрелігін нығайтуда табыс тіледі.

Сот төрағасы тағайындалған судьяларға судьяның жоғары мәртебесі мен судьялар әдебін сақтауды ескертіп, заң үстемдігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар