Ақмолада бір топ құрылысшы кәсіби мерекеге орай марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Құрылысшылар күні мерекесіне арналған салтанатты шараға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында ұйымдастырылған шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Облыс әкімі алдымен өңірдегі құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол өз сөзінде бүгінгі күні құрылыс ел экономикасының күретамырындай екенін айтты. Әсіресе, өңірдегі зәулім ғимараттарынан бастап, басқа да үлкенді-кішілі нысандардың әр кірпішін өз қолымен қалап жүрген құрылысшыларға алғысын білдірді.

«Осы күні еліміздегі тұрғын үй бағдарламаларын іске асырудағы құрылысшылардың қолтаңбасын ерекше айтуға болады. Жалпы, Ақмола құрылысы қарқын алған өңір. Соңғы жылдары біз үшін жемісті болды. «Нұрлы жер» бағдарламасы басталған екі жылдың ішінде 1 миллион 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 10 мыңнан астам отбасы тұрмыс жағдайын жақсартты. Мұның ішінде жеке және коммерциялық құрылыс компаниялары белсенділікті арттыра түсуде. Олардың қатысуымен 998 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Бюджет қаражаты есебінен инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылым ауқымы кеңейді. Биыл да сол үдеден шығатын боламыз», - дей келе, өңір басшысы Ермек Маржықпаев бірқатар сала қызметкерлеріне «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» және облыс әкімінің Алғыс хатын салтантты тү

рде тапсырды.

Салтанатты шара жергілікті көркем өнерпаздардың меркелік концертіне ұласты.


Соңғы жаңалықтар