Ақмолада бір тәуліктің ішінде 14 бас мал табылып, иелеріне қайтарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қолға алынған «Мал ұрлығы» жедел алын алу шарасының алғашқы күні 14 бас мал табылып, иелеріне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметірне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, ақпанның 20-нан бастап облыс аумағында «Мал ұрлығы» жедел алын алу шарасы өтуде. Шара аясында полицейлер мал ұрлығын анықтау және алдын алу бойынша, сондай-ақ, құжаттасыз мал тасымалдаудың жол кесу бағытында арнайы шараларды жүзеге асыруда.

Облыстағы автожолдардың бойында қосымша 35-тен астам мобильді топ орналастырылды. Шараның алғашқы күні мал және ет өнімдерін тасымалдаған 40-тан астам автокөлік тексеріліп, оның 5-еуінің құжаттары болмай шықты.

Сонымен қатар, шара шеңберінде шағын базарлар, ет комбинаты және шұжық цехтары тексерілді. Мал ұрлығы көп орын алатын елдімекендер мен қала және аудан орталықтарына кіре беріс жолдарда патрульдік бақылау жүргізілді.

Нәтижесінде 14 бас мал табылып, иелеріне қайтарылды. «Мал ұрлығы» жедел алын алу шарасының алғашқы күні мал ұрлығына қатысты 8 қылмыс ашылса, оның 6 бұрын жасалған. Бұл қылмыстарға қатысы бар 5 адам ұсталды.

«Мал ұрлығына қатысты қылмысты ашудан бөлек, жеке кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарымен жұмыс жүргізіліп, мал жоғалған кезде жедел полицияға хабар беру туралы ауқымды алдын алу жұмыстары жүргізілді», - дейді Ақмола облыстық ПД КПБ бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Данияр Құсаманов.

Фото: fermer.ru

Соңғы жаңалықтар