Ақмолада Билер кеңесі құрылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Біржан сал ауданында Билер кеңесі құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біржан сал аудандық сотында өткен шараға сот төрайымы Г.Анарбекова,  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Хамзин, Степняк қаласының ардагерлері жəне қоғам белсенділері қатысты.

Кездесуде сот төрайымы Билер кеңесін құру - бұл ұлттық құндылықты жаңғырту екенін айта келе, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаласында қазақтың билер кеңесін ұлттық құндылықтар ретінде танып, оны халық арасында кеңінен насихаттау қажеттігі айтылғанына тоқталды.

null «Билер кеңесін құру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының бастамасы, оның мақсаты дауларды және жанжалдарды сотқа дейін реттеу. Біздің ауданда Билер кеңесі азаматтық дауларды шешуге септігін тигізуі тиіс, оларды сотқа жеткізбей дауласқан тараптарды татуластыруы керек», - деді сот төрайымы.

Кездесуге қатысушылар Кеңесті ұйымдастыру мен қызметі мәселелерін талқылап, оны құру туралы ұсынысты қолдады. Билер кеңесінің құрамына ұсынылған үміткерлердің арасында ауданның құрметті ардагерлері Сауытбай Жүсіп, Серік Бәкіров және Темірбек Омаров бар.

Билер кеңесіне қазақ билер соты қызметінің негізгі принциптерін, оның ішінде дауласқан тараптарды дана шешімдермен татуластыра алуды жаңғырту бойынша маңызды миссиясы жүктеледі. 

Соңғы жаңалықтар