Ақмолада беймәлім мал ауруын емдеу үшін 2 млн-нан астам доза вакцина қажет -басқарма

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында тарап жатқан беймәлім мал ауруын емдеу үшін 2 миллионнан астам доза вакцина қажет. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының мамандары мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, этиологиясы белгісіз мал ауруының клиникалық белгілері стоматит, аусыл және инфекциялық ринотрахеит ауруларына ұқсас. Аусылдың алдын алудың пәрменді шараларының бірі вакцинация болып табылады. Сондықтан облыс әкімдігімен 2021 жылдың соңында ауыл шаруашылығы жануарларының аусылының алдын алу бойынша жоспары бекітіліп, министрлікке жолданған.

«Ақмола облысында аусылдың алдын алу үшін ірі қара малдарға 1,4 миллион доза, ұсақ мал үшін 1,6 миллион доза, шошқалар үшін 114,0 мың доза вакцина қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары аусылға қарсы вакцина биылғы жылғы мамыр айының ортасында түсетін айтты. Жалпы, облыстағы эпизоотиялық жағдай облыстың ветеринарлық қызметінің күнделікті бақылауында», - деді басқарма.

Айта кетсек, Ерейментау ауданында беймәлім дерттен 19 ірі қара қырылды.


Соңғы жаңалықтар