+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Ақмолада балалар үйірмелерге тегін бара алады

2021 жылғы 19 шілде 00:21
Бөлісіңіз:
Ақмолада балалар үйірмелерге тегін бара алады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Енді 4-17 жас аралығындағы балалар өздерінің сүйікті үйірмесіне тегін бара алады. Жоба аясында Ақмола облысының балалары үшін жұмыстың 58 бағыты қолжетімді болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бурабайда өңірлердегі ономастика проблемаларын шешу жолдары талқыланды Ақмола облысында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауының жүлдегерлері анықталды Қазақстаннан Түркияға 600 контейнер жасымық экпорталады

Ақмола облысының Мәдениет, архивтер және құжаттамадар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитованың айтуынша, жобаның негізгі міндеті – балаларға ыңғайлы жақын жерде орналасқан үйірмелерде тегін айналысуға мүмкіндік беру.

«Жоба толығымен цифрлық форматта artsport.edu.kz порталында іске асырылады. Портал шығармашылық үйірмелерге қатысуға ваучер алу үшін қызмет көрсетушілердің, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтінімдерін тіркеуге және рұқсат беруге әзірленген. Балалар үшін үйірмелердің 58 бағыты қолжетімді болады. Ақмола облысында бағдарламаны жүзеге асыруға биылғы жылдың соңына дейін 134,5 млн теңге бөлінді. Сабаққа 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қатыса алады», – деді А.Сәбитова.

Ведомство жұмыстың қалай өтетінін түсіндірді. Барлық қажетті талаптарға сәйкес келетін кәсіпкер порталда тіркеліп, өтінім жібереді. Оның мақұлдауынан кейін порталда тіркелген ата-аналар баласының таңдаған үйірмеге баруына өтініш береді. Рұқсат ваучерді алғаннан кейін балалар таңдаған үйірмесінде тегін айналыса бастайды, кәсіпкер мемлекеттен оқу ақысын төленеді.


Авторы Оксана Матасова

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT