Ақмолада балалар қозғалысына 84 мыңнан астам жасөспірім тартылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде балалардың қоғамдық қозғалысын дамыту бойынша бірқатар өңірлік жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы Марина Лидің айтуынша, аталмыш жоба жастар мен балаларды тәрбиелеу және рухани жаңғыртуға бағытталған. «Біз - сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» жобасы - сарапшылардың пікірі бойынша ТМД-дағы ең үздік бағдарламалық жоба.

Бүгінгі күні Қазақстан балалардың қоғамдық қозғалысы бойынша көш бастап тұр. Сондықтан еліміздің тәжірибесіне әлемнің көптеген елдері қызығушылық танытып отыр.

«Жаһандық қатерлі кезеңде өмір сүрген жас ұрпақ өзінің белсенділігі және саналуандығымен ерекшеленеді. Алға қойған тапсырманы жұмылған жұдырықтай бірлесіп қана шешуге болады. Нақты осы жерде жастар мен балалар ұйымдарының және бірлестіктерінің рөлі маңызды. Осылар арқылы балалар өздерінің көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін арттырып, оны үлкен өмірге аяқ басқан кезде пайдаланатын болады», - дейді Марина Ли.

Қазіргі кезде Ақмола облысында «Жас ұлан», «Жұлдыз» ұйымдары мен «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» тәрізді ерікті мектеп клубтары жұмыс істейді. Жалпы, балалар қозғалысына барлығы 84 мыңнан астам бала мен жасөспірім тартылды.

Оның ішінде педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Елена Дмитриенко жетекшілік ететін «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымы» республикалық одағы белсенді жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, Елена Александровна - ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің кавалері, «Алтын патент» иегері. Ұйым қолға алған «Жұлдыз» бағдарламасы өмірден өз орнын табуға ұмтылған, жарқын әрі қайталанбас тұлға болып қалғысы келетіндерге бағытталған. Өзін-өзі тәрбиелеу үшін ұжымдық жұмыстарды, балалармен тәрбие және дамыту жұмыстарын жоспарлаған кезде қолданылады. Бағдарламаны әзірлеу барысында шетелдердегі балалар қозғалысының тәжірибесі ескерілді.

«Жұлдыз» бағдарламасы көп жылдан бері балаларды тәрбиелеудің тиімді құралы ретінде Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және басқа да өңірлерде кеңінен қолданылып келеді.

«Ал, облыс аумағында өткізілген шараларға келетін болсақ, Бурабай ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығына орай, еліміздегі балалар қоғамдық қозғалыстарының бірігуі «Біз - сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты бірінші республикалық форум ұйымдастырылды. Форум жұмысына Қазақстан мен Ресейдің балалар қоғамдық бірлестіктерінің 180 көшбасшысы қатысты. Бұл еліміздегі балалар қоғамдық қозғалыстарының жұмысын ширатып, балалардың мемлекет және қоғамдық өмірге араласуына бағытталған әлеуметтік бастамаларын дамытуға қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Германияның балалар қоғамдық қозғалыстарының қатысуымен «Рухани жаңғыру: ашық Қазақстан» халықаралық саммиті өткізілді. Сондай-ақ, балалар қоғамдық қозғалыстарының 500-ден астам көшбасшысы қатысқан 5 облыстық іс-шара ұйымдастырылды. Өңірдегі мектептер мен колледжерде көшбасшылық алаңды дамыту бойынша 42 «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылып, жұмыс істеуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларында жүзеге асырылып жатыр», - деп түйіндеді Марина Ли.

Соңғы жаңалықтар