Ақмолада «Ауыл - ел бесігі» жобасы жүзеге асырылып жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ауыл аумақтарының әлеуметтік ортасын жаңғырту бойынша «Ауыл - ел бесігі» жобасы жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, өңірде перспективасы бар 208 елді-мекен анықталса, оның 3-де түрлендіру жұмыстары қолға алынуда.

Мәселен, Астрахан ауылында 6 бастама жүзеге асырылуда. Онда білім беру мекемелері, аудандық мәдениет үйі, жол-көше желісі, сумен жабдықтау жүйесі, жылу жүйесі мен жылу қазандығының құрылысы қарастырылған.

«Елбасының 100 астам дене шынықтыру - сауықтыру кешендерін салу бойынша тапсырмасы ауылдық жерлерде бұқаралық спорт нысандарының қолжетімділігін арттырды. Биылғы жылы Аршалы кентінде дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің құрылысы басталады.

Мәдени-тарихи мұраға бай және теңдесіз табиғатымен танымал Зеренді ауданында туристік кластерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл ауданда аудандық мәдениет үйі, жол-көше желісі, автомобиль жолдарын қалпына келтіру, сумен жабдықтау жүйесі мен су айдау мұнарасын ауыстыру, Зеренді ауылындағы орталық жылу қазандығындағы жылу агрегаттарын орнату бойынша 10 жоба қарастырылып отыр.

Жалпы, биылғы жылы Ақмола облысында «Ауыл - Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін 2,7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 100 астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған», - дейді Ақмола облысының ішкі саясат басқармасындағылар.

Соңғы жаңалықтар